ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group (ҚХР) бас директоры Мэн Чанцзюнмен кездесу өткізді.  Компания Қазақстанда түсті металдардың тігінен кіріктірілген өндірісін құру жөніндегі ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік парктің құрылысын көздейтін жобаға тау-кен байыту комбинаты, электролиз зауыты және электр стансасы кіреді. Инвестициялардың күтіліп отырған көлемі $12 млрд-тан астам. Сондай-ақ жоба 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді, бұл өңір экономикасына оң әсер етеді. Жобаның маңызды аспектісі – экспорттық өнімге бағдарлануы. East Hope Group компаниясы көлемі 20 км2 болатын осындай нысанды Қытайда іске асырды, бұл оның ірі инвестициялық жобаларды іске асырудағы тәжірибесін растайды.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен East Hop Group арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз болатын инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Роман Скляр бұл жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...