Ел ішінде және халықаралық бағыттар бойынша қатынайтын пойыздардың вагондары жаңартылып жатыр

Ел ішінде және халықаралық бағыттар бойынша қатынайтын пойыздардың вагондары жаңартылып жатыр
Биыл жолаушылардың жайлылығы мен теміржол тасымалының сапасын арттыру үшін 226 жаңа  вагон сатып алынады. Аталған жаңа вагондар 13 бағыт бойынша  қатынайды, оның ішінде Алматы-2 – Өскемен, Павлодар – Пресногорьковск, Астана – Семей, Астана – Қызылту – Петропавл сынды маршруттар бар. Сонымен қатар халықаралық Алматы – Новосібір, Қарағанды – Омбы, Алматы – Мәскеу, Алматы – Қазан бағыттары бойынша вагондары жаңартылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...