Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті

Шымкентте студенттер фельдшерлік дағдыларын көрсетті

Шымкентте медициналық колледждер арасында “Үздік фельдшер” байқауы өтті. Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара тек жарыс емес, ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, шұғыл және жедел медициналық көмекті сапалы көрсетуге деген қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Байқауға қаладағы медициналық колледждің төртінші курс студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар фельдшер мамандығына тән әртүрлі шұғыл жағдайлардағы іс-қимылдарын көрсетіп, білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды. Олардың әрқайсысы өздерінің кәсіби даярлықтарын, шапшаңдықтарын және шешім қабылдау қабілеттерін дәлелдеуге тырысты. Байқауға қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станцияларының меңгерушілері қазылық етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...