Қаратау ауданында 45 инфрақұрылымдық жоба іске қосылады

Қаратау ауданында 45 инфрақұрылымдық жоба іске қосылады

Шымкент қаласының Қаратау ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 45 жоба іске қосылады. Әрбір жоба халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, балалар мен ересектерге арналған ойын және спорт алаңдарын орнатуға, сондай-ақ, тұрғындардың жүріп-тұруын қолайлы етуге бағытталған. Жоба аясында тұрғындардың қажеттіліктері мен тілектері ескеріледі, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, «Сайрам», «Нұртас», «Тассай», «Бозарық», «Тұран», «Мирас», «Шапағат» және тағы басқа шағынаудандар мен тұрғын алаптарда балалар ойын алаңдары мен спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, бірнеше көшелер мен аумақтарда скверлер мен абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Бұл жұмыстар өз кезегінде қоғамдық кеңістіктерді жақсартып, тұрғындардың демалу және бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Осы жобалар шеңберінде Қаратау ауданының бірқатар шағынаудандары мен тұрғын алаптарында қоғамдық инфрақұрылымды дамыту, балалар мен ересектер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...