Қазақстан СІМ басшысы марокколық компаниялармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан СІМ басшысы марокколық компаниялармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Рабат, 2025 жылғы 28 ақпан – Марокко Корольдігіне ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін жетекші марокколық компаниялар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Zine Capital Invest» холдингінің президенті Нуреддин Зинмен кездесу барысында ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және логистика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

«Alomra Group International» бас директоры Дрисс Беномармен сұхбат қауіпсіздік саласында инновациялық шешімдерді енгізу перспективаларына бағытталған.

«Cadex Group» компаниясының президенті Джавад Юссефимен кездесу барысында тау-кен металлургия кәсіпорындарына техникалық қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Сондай-ақ «Anfa Realities» компаниясының негізін қалаушы Юнес Эссасимен кездесу өтті, оның барысында құрылыс саласындағы бірлескен жобалар талқыланды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Үкіметі Мароккомен экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін осы бастамалар мен жобаларды табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...