Шымкентте “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті

Шымкентте “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы орайда, Шымкент қаласының белсенді жастары табиғатты аялауға арналған игі бастаманы қолдап, “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Қала тазалығына жанашыр 200-ден астам жас сенбілікке белсене атсалысып, көшелерді күл-қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Ауқымды шара барысында арнайы бекітілген аумақ – Желтоқсан көшесінің бойындағы арық-атыздар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын жастардың бұл бастамасы қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.

Шымкент – таза қала! Қоғамдық орындар мен табиғи орта тазалығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Осындай сенбіліктер қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ғана емес, жастардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға да ықпал етеді. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...