“Қошқар ата сейілі” жалпыхалықтық іс-шарасы ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты

“Қошқар ата сейілі” жалпыхалықтық іс-шарасы ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты

Бүгін Шымкент қаласында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көпшілікпен бірге мерекелік бағдарламаларды тамашалады.

Ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртқан мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары салттық дәстүрлер көрінісі, ат әбзелдері мен зергерлер, ұлттық сусындар алаңы, ұлттық киіз үйлер орталығы, түрлі ұлттық ойындар алаңы және тағы басқа іс-шараларға куә болды.

Қазақтың дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін «Қошқар ата сейілі» мерекесі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...