Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығында “Науқастар мектебі” ашылды

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі- психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Алғаш рет ашылған “Науқастар мектебінде” денсаулық орталығының мамандары психо белсенді заттарға тәуелді науқастар мен жанұясындағы азаматтарға қолдау көрсетіп, кәсіби кеңестерін береді. Сондай-ақ орталыққа келушілер психологтарға сұрақтар қойып, тәуелділік мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы біле алады. Бұл үшін “Науқастар мектебінде” білікті психолог,психиатр және нарколог-дәрігерлері қабылдау жүргізіп,түрлі профилактикалық шаралар аясында кеңестерін береді.

Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығы 465 орынға лайықталған. Мұнда жоғары білікті дәрігерлер нашақорлық пен алкогольге тәуелді адамдардың түзу жолға түсуіне көмек қолын созады. Орталықта жалпы наркологиялық,психиатриялық, аутизмге шалдыққан балаларды емдеу, оңалту және жасырын емдеу бөлімшесі бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...