Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті

Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында «Қытай–Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын» іске асыру мәселесін қарастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және көлік байланыстарын дамытуға бағытталған. Оның аясында теміржол және мультимодальды инфрақұрылым, сондай-ақ қойма кешендерін салу жоспарланып отыр.

Тараптар серіктестік шарттарын одан әрі пысықтау жөнінде келісті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен компания өкілдері арасында қосымша келіссөздер өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...