Шымкентте skills.enbek.kz платформасы арқылы 3 мыңнан астам адам білімін жетілдірді

Шымкентте skills.enbek.kz платформасы арқылы 3 мыңнан астам адам білімін жетілдірді

Биыл қалада 2 700 адамды skills.enbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша оқыту жоспарланған болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш асып, 3 090 адам сертификат алды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Skills.enbek.kz – кез келген азаматқа тегін онлайн курстар арқылы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін платформа. Бұл әсіресе жұмыссыз азаматтар мен кәсіби біліктілігін арттырғысы келетіндер үшін үлкен көмек. Платформаға тіркеліп, қажетті курсты таңдау жеткілікті.

Онлайн курстар түрлі салаларды қамтиды. Ауыл шаруашылығы – жылыжайда лимон өсіру, балық және асыл тұқымды мал шаруашылығы, үй құстарын өсіру, саңырауқұлақ өсіру. Қызмет көрсету – аспаздық, сусындар дайындау, визаж, менеджмент және басқа да мамандықтар.

Платформадағы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнесабақтарды өз саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер әзірлеген. Оқу материалдары тегін және ақылы форматта ұсынылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...

Шағын және орта бизнес үшін жақсы өнім немесе сапалы қызметтің өзі әрдайым жеткіліксіз. Кәсіпкер өз ұсынысын әлеуетті серіктеске түсінікті, нақты...