Еңбекші ауданында атауы жоқ және атауы ескірген 76 көшеге тақтайшалар ілінді

Еңбекші ауданында атауы жоқ және атауы ескірген 76 көшеге тақтайшалар ілінді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы орталық көшелер мен тұрғын алаптардағы атауы жоқ және моральдық тұрғыда атауы ескірген 76 көшеге атау берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су, дәстүрлі атауларымен өзгерту, ономастикалық атауларға кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қою тапсырмасы аясында орындалып отыр.

Мысалы, бұрынғы Перов көшесі – Қасқабұлақ, ал Глинка көшесі – Қайыңдыкөл болып жаңарды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар ағымдағы жылы өткізілетін ҚР ұлттық санағын тиімді әрі жоспарлы өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалану мүмкіншілігі мол.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 325 көшеге атау берілген болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңындағы кездесуде Қазақстанның цифрлық даму бағытын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов  China Tianying Inc. компаниясының президенті әрі партия комитетінің хатшысы Дэбяо Цаомен...