Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадио хабарларын тарату операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасының басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – жеке және заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру.

Бағдарлама аясында операторлар жабдықтарды орнатуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігіне ие болады.

Бұл шара азаматтардың телерадио хабарларын қабылдауға кететін шығындарын азайтып, отандық контенттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Субсидиялау мерзімі – 3 жылдан аспайды.

Жыл сайын 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғысын сату субсидияланады.

Процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды.

Субсидиялауды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы №551-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпаратты жергілікті уәкілетті органдардан немесе министрліктің ресми сайтынан алуға болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...