Олжас Бектенов пен Болгария Президенті Румен Радев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен Болгария Президенті Румен Радев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев екі мемлекет басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді толық іске асыруға ниетті екенін атап өтті.

Жиында сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастыққа назар аударылды.

Атап айтқанда, қазақстандық органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейту, оны қайта өңдеу және экспорттау, химия, қосылған құны жоғары тауарлар бойынша бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктері қаралды.

Ынтымақтастықты одан әрі арттырудың негізгі платформаларының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты – «Орта дәлізді» дамыту мәселесі атап өтілді.

Сонымен қатар екі елдің бизнес-топтарының ақпараттық технологиялар, фармацевтика, туризм, сондай-ақ жалпы тәжірибе алмасу саласындағы инвестициялық өзара іс-қимылын дамыту перспективалары талқыланды.

Болгария Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі 15 сауда серіктесінің қатарына кіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы $375 млн-ға дейін артты. Қазіргі уақытта жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жалпы құны $117 млн-нан асатын бірлескен жобалар пысықталуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...