Саналы ғұмырын білімге арнаған жан

Саналы ғұмырын білімге арнаған жан

Атажанова Еркинай Иристаевна — «Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. 1966 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді, педагог-зерттеуші біліктілік санатына ие. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі — 39 жыл, оның ішінде аталған ұжымда еңбек етіп келе жатқанына 19 жыл болды.

Еркинай Иристаевна — өз ісіне адал, оқушыларға сапалы білім беріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде мол тәжірибе жинақтаған ұстаз. Оның кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі әріптестері мен ата-аналар тарапынан жоғары бағаланады.

Ұстаздық жолда 39 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан Еркинай Иристаевна – өзінің адами болмысы, білімі мен біліктілігі арқылы шәкірт жүрегіне жол таба білген парасатты педагог. Оның сабақтары әрдайым оқушылардың қызығушылығын оятып, тіл байлығын дамытуға, әдеби шығармаларды терең түсінуге бағытталады. Әр тақырыпты өмірмен ұштастыра отырып түсіндіру – оның басты әдістемелік ерекшелігі.

Орыс тілі мен әдебиетін оқытуда түрлі жаңашыл технологияларды, интерактивті әдістерді шебер қолдана отырып, Еркинай Иристаевна білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Оның жетекшілігіндегі оқушылар аудандық, қалалық пәндік олимпиадалар мен тіл байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл – ұстаз еңбегінің нақты нәтижесі.

Сонымен қатар, Еркинай Иристаевна жас мамандармен тәжірибе бөлісіп, педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысына белсене қатысады. Ол әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқу процесінің сапасын арттыруға, оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етуде.

Ұжымда зор беделге ие, ата-аналар мен оқушылар арасында құрметке ие мұғалім ретінде Еркинай Иристаевна білім беру саласына зор үлес қосып келеді. Оның адалдығы мен еңбексүйгіштігі – бүгінгі білім жүйесінде еңбек адамының мәртебесін көтерудің жарқын үлгісі.

Мұндай ұстаздар – Шымкент қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуына, сапалы адами капиталдың қалыптасуына өз үлесін қосып келе жатқан тұлғалар. Еркинай Иристаевна – болашақ ұрпаққа жол сілтер шынайы рухани жетекшілердің бірі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...