Қала әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Қала әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және құрылыс сапасын бақылау мамандары, сондай-ақ қала аумағында жұмыс атқарып жатқан бірқатар мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қала басшысы тұрғындар тарапынан түскен арыз - шағымдар мен аралау барысында анықталған кемшіліктерді негізге ала отырып, тұрғын үй құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелер айтты. Атап айтқанда, «Дос и К сервис» ЖШС, «Ақ Нұр-строй» ЖШС, «Азим строй» ЖШС, «Саха - 2005» ЖШС, «Талап строй» ЖШС және «Ару - ТАМ» ЖШС сынды мердігер ұйымдардың жауапты нысандарында анықталған.

Жақын арада мердігер мекемелер тарапынан пайдаланудағы тұрғын үйлердің кемшіліктері толық ретке келтіріліп, сапасын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, қала басшысы салаға жауапты бөлім басшылары мен құрылыс компанияларының жұмысын тұрақты қатаң бақылауда болатынын, сапасыз жұмыс орын алған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында 420 көпқабатты тұрғын үй бар. Тұрғындар тарапынан түскен әрбір арыз-шағым қала әкімінің жіті назарында. Мердігер мекемелер мен тұрғындар тарапынан орын алған кемшіліктер толық ретке келтірілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық іскер топтар...

Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді....