Шымкентте халықаралық ағаш өнері фестивалі өтеді

Шымкентте халықаралық ағаш өнері фестивалі өтеді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 14–20 маусым аралығында өтетін «SHYMKENT USTA FEST» – тұтас ағаштан жасалатын бұйымдар бойынша шеберлердің халықаралық фестиваліне шақырамыз!

Алты күн бойы Шымкент қаласы ағаштан түйін түйген шеберлердің ордасына айналады.
Фестиваль аясында: Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясынан келген ағаш қолөнерінің үздік шеберлері өз туындыларын ұсынады.

Фестиваль аясында қаламызда күн сайын жәрмеңкелер мен қолөнер көрмелері, мәдени іс-шаралар, концерттер өтеді.

Өтетін орны: Арбат алаңы
Кіру – тегін!

«SHYMKENT USTA FEST» – ағаш шеберлерінің мерекесін бірге қарсы алйық!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...