Бақылау карталары ТМК-ның жай-күйі мен дамуын мониторинг жасау құралына айналады

Бақылау карталары ТМК-ның жай-күйі мен дамуын мониторинг жасау құралына айналады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басым бағыттарының бірі – тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) ірі кәсіпорындарының техникалық тұрақтылығын және кезең-кезеңімен жаңғыртылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Саланың жай-күйін мониторингтеуге жүйелі көзқарас үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тізбесі қалыптастырылды. Оның құрамына персоналы 500 адамнан асатын қара және түсті металлургияның 24 компаниясы, сондай-ақ 250-ден астам адам жұмыс істейтін металл кендерін өндіретін 26 кәсіпорын кірді.

Аталған салада алғаш рет бақылау карталары – өндірістердің техникалық жай-күйін ғана емес, оларды жаңғырту деңгейін, қуаттарды кеңейту жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және экология саласындағы талаптардың сақталуын қадағалайтын мамандандырылған талдамалық құралдар енгізілуде. Бұл карталар мемлекеттік органдарға жіберілді, ал олар бойынша жиналған деректер ТМК негізгі кәсіпорындарын оңтайландыру және қолдау бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...