2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы шақырым: Елімізде геологиялық барлау қарқын алуда

2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы шақырым: Елімізде геологиялық барлау қарқын алуда

Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын ауқымды жүргізуде – тек 2025 жылдың I тоқсанында мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдарының болжамды ресурстары бар 38 перспективалы учаске анықталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай еліміз аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуі 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс. 2024 жылы қамту 2 014,4 мың шаршы шақырымды құрады және жұмыстар белсенді қарқынмен жалғасуда. 2025 жылдың бірінші тоқсанында ауқымды зерттеулер: аэротүсірілімдерді дешифрлеу, маршруттық түсірілім, бұрғылау, су және радиация сынамаларын талдау, геохимиялық және камералдық зерттеулер жүргізілді.

Нәтижесінде пайдалы қазбаларының әлеуеті жоғары 38 учаске анықталды. Болжамды ресурстар қатарында:
2,6 млн тонна сирек жер металдары,
1,1 млрд тонна қоңыр көмір,
3,7 млн тонна мыс және никель,
19 тонна алтын бар.

2024-2026 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 22,83 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2025 жылы 7,636 млрд теңге игеріледі. 1:200 000 масштабтағы: 14 терең геокарталау, 9 минерагендік және 19 гидрогеологиялық жете зерттеу объектілері бойынша өңірлік жобалар жалғасуда.

Жеке инвестициялар маңызды рөл атқарады. 2018 жылдан 2024 жылға дейін геологиялық барлауға 424 млрд теңге салынды, 2025 жылы 106 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Жұмыс көлемі бойынша міндеттемелерсіз, бірақ міндетті есептілікпен жер қойнауын зерттеуге арналған жеңілдетілген лицензия нарықты инвесторлар үшін қолжетімді етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының...