Сарыағаш ауданында тәулігіне 12 тонна пластик есік пен терезе дайындайтын цех жұмыс істейді

Сарыағаш ауданында тәулігіне 12 тонна пластик есік пен терезе дайындайтын цех жұмыс істейді

Сарағаш қаласында тәулігіне 12 тонна пластик есік пен терезелер өндіретін цех жұмыс істейді. Онда15 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі Арман Абдуллаев жеке кәсіпкер Ерғали Омаровтың цехына арнайы барып, өндіріс орнымен танысты. Нысанды аралау барысында аймақ басшысы өндіріс үдерісін көріп, өнім сапасына жоғары баға берді. Сондай-ақ, цех ұжымына сәттілік тілеп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.

Цех - жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі ретінде аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып отырған өндірістік нысан. Онда қазіргі заманғы технологиялар негізінде жоғары сапалы пластик есік пен терезелер дайындалады. Өнім республика көлемінде ғана емес,Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне де тасымалдануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...