Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады – Олжас Бектенов Sarens басшысы Людо Саренспен инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарларын талқылады

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады – Олжас Бектенов Sarens басшысы Людо Саренспен инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарларын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу өткізді. Онда «Нұр жолы»  өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары талқыланды. Ынтымақтастықты, оның ішінде машина жасау саласында кеңейту перспективалары қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және қолданыстағы көлік ағындарына жүктемені азайтуға бағытталған. Салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған ұзындығы 3,2 шақырым және ені 12 метр айналма жол салу, сондай-ақ ауданы 81,6 га көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарланып отыр. Қосымша автожол көпірін салу, тиісті инфрақұрылымды орнату қарастырылған. Барлық нысан компанияның жеке инвестициялары есебінен салынады, оның жалпы құны шамамен  $50 млн-ды құрайды.

Олжас Бектенов жобаның Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерге сәйкес, еліміздің көлік логистикасын, сауда және транзиттік әлеуетін дамытудағы маңыздылығын баса айтты. Sarens компаниясының тәжірибесі мен құзыреттерін ескере отырып, локализациялау деңгейі жоғары машина жасау саласында одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар айналма жол салу жобасын жүзеге асыруға өзара мүдделілігін жеткізіп, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...