Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады

Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесу өткізді. Онда автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу перспективалары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар Proton Holdings компаниясының Қазақстанда электромобильдер шығару жоспарын талқылады. Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу Қазақстан экономикасын әртараптандыру және орнықты өсуі үшін маңызды мәнге ие. Осы жылдың бірінші тоқсанында аталған салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылды. 2024 жылы инвестиция көлемі 2 есеге – 282 млрд теңгеге жетті.

Жиында Үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешегі зор. 

Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты. 

Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің бірінші отырысы...

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс...

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету...