Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942 гектарды қамтиды. Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер кешені мен әлеуметтік нысандар, мектептер, темір жол вокзалы, скверлер, көшелер мен жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының арасын жалғайды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек вокзал маңындағы саябақ ауданның беткеұстар мүйісіне айналатынын айтты. Мұнда ойын алаңдары, амфитеатр және аллеялар салу жоспарланған.

Былтыр «Қазақ елі» алаңында ағаштар егіліп, дизайнерлік қақпақтар орнатылды, шамдар мен басқа да сәулеттік қалыптар жаңартылды.

Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік саябақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Әкімнің айтуынша, қала дамуында Тұран даңғылының батыс жағындағы GreenLine бульвары ерекше маңызға ие. Шаһардың халық тығыз орналасқан ауданымен жалғайтын бульварда веложолдар, балалар мен спорт алаңқайлары, тынығатын демалыс аумақтары болады.

Аталған жобалар қаланы дамытудың көпорталықты моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни тұрғын үй, жұмыс, қызмет көрсету мен рекреация орындары қолжетімді әрі бір-біріне жақын болуға тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің бірінші отырысы...

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс...

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету...