Қарағандыда нашақорлыққа қарсы күрес жалғасуда

Қарағандыда нашақорлыққа қарсы күрес жалғасуда

Қарағанды қаласында жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кезекті профилактикалық акция өтті. Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин қала жастары және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірге көшелердегі есірткі жарнамаларын бейнелейтін граффити суреттерін жоюға қатысты.

Бұл бастама – құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың нақты көрінісі. Жыл басынан бері өңірде төрт бірдей есірткі зертханасы анықталып, ұйымдастырушылары қамауға алынды. Бұл – заң үстемдігінің жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Мұндай іс-шаралар жастардың заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетін қалыптастыруға ықпал етіп, бейжай қарамауға үндейді. Тұрғындардың белсенділігі мен полициямен өзара байланысы қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың негізін қалайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің...

Түркістан облысында Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Вокзалды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...

23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі...