Жазғы лагерьлерде тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Жазғы лагерьлерде тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Жаз мезгілінің басталуымен балалардың демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізу басты назарға алынды. Қарағанды облысы аумағында биыл 297 жазғы лагерь жұмыс істеп жатыр. Әр лагерьге жауапты инспектор бекітіліп, 500-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіп пен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Ювеналдық полиция қызметкерлері лагерьлерде тәрбие сағаттарын өткізіп, балаларға құқық бұзушылықтың салдары, интернеттегі қауіп-қатерлер, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды да бұл мәселеге бейжай қарамауға шақырады. Балалармен ашық сөйлесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру – ортақ жауапкершілік. Қауіпсіз және сенімді орта қалыптастыру баршамызға ортақ міндет.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ