Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді

Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев табиғи апаттар тәуекелдерін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Биылғы жылдың мамыр айында табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму министрлігі есеп берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, табиғи апаттар қаупі жоғары өңірлердің тізімін бекіту, сақтанушылардың міндетті жарналарын жинау тәртібі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және т.б. көзделген.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апаттарға ұшырау қаупі бар аумақтарды айқындау және ел өңірлерінің тәуекелге ұшырау деңгейлерін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілуде, табиғи апаттар кезінде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін шұғыл несие алу шарттары бойынша халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің бірінші отырысы...

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс...

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету...