Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды

Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Онда еліміз бойынша, сондай-ақ су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы, сонымен қатар ауыл шаруашылығында егіс құрылымын қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстары әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, «Қазсушар» РМК филиалдары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беруді ұйымдастырды. Бүгінде 22,5 мың келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 3 мыңға артық.

Талқылау барысында Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі жағдай, суды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Су үнемдеуді ынталандыру мақсатында елімізде егіндік суға арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді: су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар үшін мұндай технологияларды қолданбайтындарға қарағанда – субсидиялар мөлшері жоғары. Сонымен қатар суды заңсыз пайдаланумен күресу және су ұрлау фактілерінің алдын алу шаралары қабылдануда.

Премьер-министр шаруалардың қажеттіліктерін су ресурстарымен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының сұраныстарын қанағаттандыру көбірек назар аударуды талап ететінін атап өтті.

«Тиімділікке, үнемділікке және ведомствоаралық келісімділікке баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажет. Облыс әкімдері сумен жабдықтау ұйымдарының егіндік сумен шаруаларды қамтамасыз ету, суару технологияларын сақтау, суару реттілігі және коллекторлық-дренаждық суды қайта пайдалану жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен фермерлер бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырамын. Суды заңсыз пайдалануды бақылауды күшейту және бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жандандыру маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты нығайту, су беру лимиттерін бақылауды күшейту және жедел әрекет ету, құрылыстарға жөндеу жүргізу тапсырылды. 

Сондай-ақ спутник деректерін пайдалана отырып және интерактивті карталарда су тапшы аймақтарды көрсету арқылы суды пайдаланудың цифрлық мониторингін енгізуді қамтамасыз ету қажет. 

Үкімет шаруаларды сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауда, вегетациялық кезеңнің өту барысы тұрақты бақылауда. Аталған жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің бірінші отырысы...

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс...

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету...