Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде

Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде

Павлодар облысындағы «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері «Брама», «Джерсий гиганты» және «Кучинск мерейтойлық» тұқымындағы 30-дан астам үй құсын өсіріп шығарды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыртқаны салу сәтінен бастап эмбрионның қалыптасуына дейінгі инкубация үдерісінің барлық кезеңдері студенттердің толық бақылауында және ғылыми бақылаулармен сүйемелденеді. Бұл практикалық оқыту кәсіпкерлік көзқарасқа негізделіп, студенттерге оқу барысында өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Аграрлық технологияларды игеру басқа бағыттарда да жалғасуда. Жуырда болашақ ветеринарлар еліміздегі ең өнімді етті ірі қара тұқымдарының бірі саналатын қазақтың ақбас сиырын қолдан ұрықтандыру жұмысын сәтті жүзеге асырды.

— Мұндай практикаға негізделген сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттерін арттырып, өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді, — дейді колледж директоры Айгүл Байжұманова.

Бұл бастамалар 2025–2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі Жол картасы аясында қолдау табуда. Колледждер базасында студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға арналған «Business Startup» орталықтары құрылуда.

Айта кетейік, еліміз бойынша колледж студенттері 700-ден астам стартап-жоба мен бизнес-идеаларды жүзеге асыруда. Бұл жобаларға суару жүйелері, экологиялық шешімдер, IT өнімдері және басқа да салалар кіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...