Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отыр

Шымкент қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық салада ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. 2024 жылы 1 трлн. 157 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 766 млрд. теңге инвестиция тартылды. Құрылыс көлемі 311 млрд. теңгеге жетіп,1 млн. 367 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл экономикалық өсім 15,7 пайызға артып, қаламыз республика бойынша алғашқы үштікке енді. Қазіргі таңда мегаполистің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін 7 өндірістік аймақта 324 млрд. теңгеге 304 инвестициялық жоба іске асырылып, 9 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды. Өткен жылы жаңа «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары іске қосылды. Ал биыл 2 жаңа аймақтың құрылысы басталып, қолданыстағы 3 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Өндірістік аймақта керамикалық тақта өндіретін «Wan Sheng Ceramic» – 26 млрд. теңге инвестиция құйып, жаңа өндіріс орындарын іске қосты.

Қалада инвестициялық климат жақсарып, инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптасып келеді. Инвестиция тартудың тиімділігін арттыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Shymkent Invest» фронт-офисі қайта жанданды. Фронт-офисте 2 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 12 пайызға өсті.

Қазіргі таңда 1,9 трлн. теңгеге 191 инвестициялық жоба пулы жасақталды. Бұл жобалар 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Шымкентте 650 гектар аумақта еліміздегі ең ірі заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Жобаға түркиялық «Alarko Holding» компаниясы 650 млн доллар инвестиция салады, ал польшалық «Fabe Polska» компаниясымен 136 млн. долларға жоғары технологиялы жылыжай салу қолға алынды.

«Aksa energy» компаниясы қалаға 700 млн долларға бу газ қондырғысын салуды жоспарлап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын...

В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в мероприятиях по очистке и благоустройству родника «Ақ-Ата» в...

Премьер-министр Олжас Бектенов в Туркестанской области проверил ход строительства электростанции на базе парогазовой установки (ПГУ) мощностью 1000...