Эндаумент қорлары институты: ҚНРДА өкілі тұрақты қайырымдылық қаржыландыру тетігі туралы айтты

Эндаумент қорлары институты: ҚНРДА өкілі тұрақты қайырымдылық қаржыландыру тетігі туралы айтты
Эндаумент қорлары институтын құру қайырымдылық қызметін ресімдеуді және оны реттелетін қаржы жүйесіне біріктіруді білдіреді. Бұл қайырымдылық капиталы бірден жұмсалмайтын, бірақ негізгі қор ретінде сақталатын модельді заңнамалық деңгейде бекітуге мүмкіндік береді. Эндаумент қаражаты қаржы құралдарына орналастырылады және осы салымдардан түскен табыс қана қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Мұндай механизм қайырымдылыққа арналған капиталды тұрақты жинақтауды, сақтауды және көбейтуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұндай шаралар қайырымдылықтың ағымдағы деңгейіне қарамастан, қоғамдық маңызы бар жобаларды тұрақты және ұзақ мерзімді перспективада қаржыландыруға мүмкіндік беретін тұрақты қаржы ағынын қамтамасыз етеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаменті директорының орынбасары Алмабек Жанбеков мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...