Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Үкімет Түркістан облысында сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам теңге бөлді.

Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді.

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...