“Бақыт құшағында”: Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған фестиваль өтті

“Бақыт құшағында”: Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған фестиваль өтті

Шымкентте Қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған республикалық фестиваль өтті.  Салтанатты іс-шара композитор ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Фестиваль аясында ұлттық мәдени мұраның қазынасына айналған Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы шығармалары орындалды. Композитордың әндерін еліміздің еңбек сіңірген әртістері  Светлана Айтбаева, Жеңіс Ысқақова, Заттыбек Көпбосынұлы, Ақбота Керімбекова орындады.

Гала-концерт бағдарламасында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының, Шымкент Жастар театрының және Орыс драма театрының әртістері, сондай-ақ Опера және балет театрының солистері өнер көрсетті. Сонымен қатар, “Шымкент концерт” ұйымының шығармашылық ұжымдары мен “Қазына” және “Яссы” танымал би ансамбльдері де өз өнерлерімен кештің ажарын аша түсті.

Фестиваль өскелең ұрпаққа Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық мұрасын насихаттауға бағытталған қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...