Үкіметтік жұмыс топтары өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеруде

Үкіметтік жұмыс топтары өңірлердің жылыту маусымына дайындығын тексеруде

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын кешенді түрде тексеріп жатыр. Басты назар энергетикалық инфрақұрылымы әбден тозған және апат қаупі жоғары облыстарға салынып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша үкіметтік жұмыс топтары өңірлерге аттанды.

20 тамызда өңірлік инспекторлар әрі кеңесшілер Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов Абай және Маңғыстау облыстарындағы дайындық барысын тексерді.

Семейде Ермек Маржықпаев қалалық жылу көздерінде, оның ішінде «Ғаббасова», «Орталық», АҚ-3 қазандықтарында, сондай-ақ ЖЭО-1, АҚ-1 және 103-103А қазандықтарында жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда қаланың жылу көздері жылыту маусымына орташа есеппен 86% дайын. Осы ретте 12 нысанда жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 23 энергия көзі мен 26 шақырым жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде нысандар 82,8%-ға дайын. 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 59,4%-дан 56,6%-ға дейін төмендейді. 

Маңғыстау облысына жұмыс сапарында Ералы Тоғжанов «МАЭК» энергия кешенін жаңғыртуға қатысты жүйелі мәселелерге назар аударды. Кәсіпорында жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес: №2 ЖЭС энергия блогы толықтай жөнделіп бітті, ЖЭО-2-де қазан агрегаты мен турбинаға, сондай-ақ ЖЭО-1-дегі қазандық қондырғыларына жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, бұған дейін Үкімет резервінен «МАЭК» реконструкциясына қаражат бөлінген.

Бұдан бөлек, Ақтаудағы жылу желілерін жаңарту жобалары да ерекше назарда. Қалада кезең-кезеңімен 44 шақырым магистралдық және 10 шақырымнан астам шағын аудандардағы ішкі құбырлар ауыстырылып жатыр. Қазіргі таңда желілердің орташа тозу деңгейі 79%, ал жобаны іске асырғаннан кейін бұл көрсеткіш 75%-ға дейін төмендейді. Тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандар жылыту маусымына 80% дайын. 

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...