Үкіметтік жұмыс топтары Қостанай және Атырау облыстарындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Үкіметтік жұмыс топтары Қостанай және Атырау облыстарындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде қадағалауды жалғастырып келеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Қостанай, Атырау облыстарында жылу және энергиямен қамтамасыз ету нысандарына тексеріс жүргізілді. Премьер-министр кеңесшілері Нұрлан Ұранхаев пен Ералы Тоғжанов жетекшілік еткен үкіметтік инспекция құрамындағы мемлекеттік бақылаушылар коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты.

Рудный мен Қостанай қалаларында жылу электр орталықтары мен желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр және аяқталуға жақын қалған. Қостанайдағы су тазарту құрылымдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Атырау облысында тұрғын үй қоры жылыту маусымына 80%, білім беру нысандары 96%, денсаулық сақтау нысандары 90% дайын. 723 қазандықтың 593-і (82%) алдағы жылыту маусымына дайын тұр. Атырау ЖЭО-да жылу және турбоагрегаттарды жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар облыс орталығындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 601 шақырымды құрайды, тозу деңгейі орта есеппен 52%. Негізгі коммуналдық кәсіпорын 2030 жылға дейін желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарын жасаған.

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...