Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 142 км болатын су құбырын реконструкциялауды жоспарлап отыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 142 км болатын су құбырын реконструкциялауды жоспарлап отыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауда азаматтардың су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Ақши ауылының тұрғындары Айдарлы, Ақши және Бозой ауылдарын, сондай-ақ жергілікті шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етіп отырған Бозой топтық су құбырын реконструкциялау мәселесін көтерді. Бұл нысанда ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген.

Іле ауданы әкімдігі «Қазсушар» РМК-ның «Алатау» филиалымен жасалған меморандум аясында Бозой топтық су құбырын реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжатты әзірледі. Әкімдік бюджетке өтініш бергеннен кейін, Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаны қаржыландыру мен іске асыру мәселесін қарайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...