Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшылар жылы» аясында еңбек адамына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және еңбек ұжымдарының рөлін арттыру мақсатында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары «KazFerroGroup» ЖШС кәсіпорнында іссапармен болды.

Іс-шара барысында делегация мүшелері өндірістік үдерістермен, жаңа цехтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын тарапынан еңбеккерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары туралы толыққанды мәлімет алды. Кәсіпорын басшылығы қонақтарға компанияның құрылу тарихы, даму кезеңдері мен соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған бастамаларға кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, жұмысшылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, медициналық қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру сынды бастамалар еңбек ұжымының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл шаралар еңбек өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, кадр тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізуде.

ҚХА мүшелері өндірістік аймақты аралап, жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу соңында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан өндірісте үздік нәтиже көрсеткен бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Бұл шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға және этносаралық татулықты нығайтуға өз үлесін қосатын маңызды бастама болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...