Түркістан қаласында азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігіне басымдық берілуде

Түркістан қаласында азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігіне басымдық берілуде

Түркістан қаласында тұрғындардың ақпараттық, әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар тұрақты түрде қолға алынып келеді. Қазіргі заманда интернет-алаяқтық, қаржылық пирамидалар, лудомания, жалған ақпарат тарату және суицидтік көңіл-күй секілді проблемалар қоғам өміріне қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты қалалық әкімдік, полиция, жастар ұйымдары мен сарапшылар бірлесе отырып, алдын алу жұмыстарын жандандырған.

Интернет-алаяқтық – соңғы жылдары белең алып келе жатқан қауіптің бірі. Түркістан қалалық полиция басқармасы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, алаяқтардың кеңінен қолданатын схемаларын ашып көрсетуде. Түсіндіру шаралары адам көп жиналатын орындарда жүргізіледі. Мамандар күмәнді сілтемелерден аулақ болуға, бейтаныс нөмірлерден келетін хабарламаларға сенбеуге шақырады. Тұрғындарға жадынамалар таратылып, өз деректерін қорғау жолдары кеңінен түсіндірілуде.

Қаржылық пирамидалармен күрес те күн тәртібінде. Жалған инвестициялық жобаларға сеніп, ақшасынан айырылған азаматтардың саны аз емес. Мұндай ұйымдар, әдетте, заңды тіркелмеген және уәде етілген табыс шын мәнінде жалған. Қаржы мониторингі мамандарлары мен құқық қорғаушылар азаматтарды тез байытуды уәде ететін жарнамаларға сенбеуге шақырып, ресми ақпарат көздерін пайдалануға кеңес беруде.

Лудомания – ойынқұмарлық, әсіресе жастар арасында кең таралған. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» арнайы семинарларды ұйымдастырып келеді. Мамандар ойынқұмарлықтың психологиялық, әлеуметтік және экономикалық зиянын түсіндіріп, спорт пен шығармашылыққа баулу арқылы оның алдын алуға болатынын айтуда.

Жалған ақпарат тарату және бұқаралық сананы манипуляциялау да қоғам тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Түркістанда әлеуметтік желілерде тексерілмеген ақпарат таратудың салдары түсіндіріліп, тұрғындар сенімді дереккөздерді қолдануға үнделуде. Бұл – қоғамдық тәртіп пен сенімділікті сақтау үшін аса маңызды.

Суицидтің алдын алу мәселесі де маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Түркістан қаласының денсаулық сақтау мекемелері мен мектептерде психологтармен жеке жұмыс ұйымдастырылып, психологиялық қолдау көрсету нүктелері ашылды. Акциялар аясында жастар арасында ашық пікір алмасулар мен тренингтер өтіп жатыр.

Жалпы, Түркістан қаласының әкімдігі мен барлық мүдделі тараптар қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың алдын алу жұмысын тек мемлекеттік емес, азаматтық жауапкершілік ретінде қарастыруда. Осы бағыттағы ақпараттық, құқықтық және психологиялық түсіндіру жұмыстары жалғасып, тұрғындар арасындағы сауаттылық деңгейін арттыруға зор үлес қосып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...