WRO–2025: Шымкент оқушылары ұлттық іріктеуде жеңімпаз атанды

WRO–2025: Шымкент оқушылары ұлттық іріктеуде жеңімпаз атанды

Астанада өткен World Robot Olympiad (WRO) – 2025 оқу-жаттығу жиынының шешуші кезеңінде шымкенттік оқушылар жеңіске жетті. Shymkent Hub құрамындағы RoboPark орталығында дайындалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері байқауда 1 орынға ие болды.

Жеңімпаздарды Шымкентке оралған сәтте салтанатты түрде қарсы алды. Оқушыларды ұстаздары, ата-аналары мен достары құттықтап, олардың еңбегіне зор құрмет көрсетті.

World Robot Olympiad (WRO) – бұл әлемнің 90-нан астам елінде өтетін халықаралық робототехника олимпиадасы. Әр мемлекетте іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, үздік шыққан командалар әлемдік финалда бақ сынайды. Биылғы финал Сингапурде өтеді. Алдағы уақытта Шымкенттен шыққан өнертапқыш Сингапурда ел намысын қорғамақ.

Бұл жеңіс Шымкент жастары үшін ерекше маңызға ие. Себебі мұндай халықаралық деңгейдегі табыстар қаладағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар инновациялық ойлауға жасалып отырған қолдаудың нәтижесін көрсетеді. Соңғы жылдары Шымкентте робототехника мен STEM-білім беру саласына айрықша назар аударылып келеді. Мектептерде арнайы кабинеттер ашылып, оқушыларға бағдарламалау мен инженерлік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берілуде.

RoboPark орталығы да осы бағыттағы ірі алаңдардың бірі. Мұнда балалар заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, өздерінің ғылыми жобаларын тәжірибеде сынай алады. Бұл орталық оқушыларға тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен бірге логикалық ойлау, көшбасшылық пен креативті шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға жағдай жасап отыр.

Жас өнертапқыштардың жеңісі көптеген ата-аналарға да үлгі болды. Олар өз балаларын ғылым мен технологияға бағыттауға құлшыныс танытуда. Өйткені робототехника бүгінде тек қосымша үйірме емес, болашақ мамандықтарға апаратын жол екендігі айқындалып отыр. Қазақстан үшін мұндай жетістіктер халықаралық аренада елдің беделін арттырады, ал оқушылар үшін – жаңа тәжірибе мен мотивация береді.

Алдағы Сингапурдегі әлемдік додада жас шымкенттіктерге үлкен жауапкершілік жүктелмек. Олар тек өз командаларының емес, бүкіл елдің намысын қорғайды. Бұл кезеңде оларға тек техникалық білім ғана емес, рухани дайындық, психологиялық тұрақтылық және табандылық қажет. Ұстаздар мен тәлімгерлер осы бағытта тынымсыз еңбек етуде.

Бүгінгі жеңіс – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы. Шымкент оқушыларының табысы жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, қаладағы инновациялық даму қарқынының үдей түсуіне ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5...

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...