Аурудың алғашқы белгілері байқалса, емханаңызға хабарласыңыз

Аурудың алғашқы белгілері байқалса, емханаңызға хабарласыңыз

Егер сізде дене қызуы көтеріліп, ентікпе, жөтел, тамақ ауруы, іш өту белгілері пайда болса, міндетті түрде емханадағы дәрігерге хабарласыңыз. Үй жағдайында медициналық көмек көрсету үшін қаладағы емханалар жанынан мобильді бригадалар құрылған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Емхана жанынан құралған арнайы мобильді бригада мамандары күнделікті таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Мобильді бригаданы үйге шақыру үшін тұрғылықты мекен жайыңызға қарайтын емханаңыздың тіркеу бөліміне хабарласыңыз.

Мобильді бригада дәрігерлері тиімділігі дәлелденген емдеу хаттамасына сәйкес, үй жағдайында мединалық көмек береді. Дәрігердің тағайындауынсыз дәріханада дәрі алу немесе жекеменшік процедуралық кабинеттерінде ем қабылдау қауіпті.

Есіңізде болсын, эпидемиялогиялық жағдай өршіп тұрған кезде емхана мамандары ғана тиімділігі дәлелденген емдеу шараларын тағайындап, медициналық көмек бере алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...