Қызылордада делегация өкілдері әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты

Қызылордада делегация өкілдері әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты

Қызылорда қаласына келген өңірлік делегация мүшелері қаланың әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық дамуымен танысты. Іссапар аясында делегаттар бірқатар жаңа және жаңғыртылған нысандарды аралап, аймақтың соңғы жылдардағы оң өзгерістеріне куә болды.

Сапар «Тәуелсіздік даңғылы» бойындағы жаңа келбетпен басталды. Қайта жаңғыртудан өткен бұл негізгі көшеде «Отбасы орталығы», «Жаңа Достық үйі», «Қызылорда Арена» спорт кешені және «Өнер орталығы» сынды нысандар орналасқан. Қала қонақтары бұл ғимараттардың қызметімен танысып, олардың тұрғындарға тиімді жағдай жасап отырғанын атап өтті.

Делегация бұдан кейін «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барып, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жобаларға жоғары баға берді. Бұл орталық жас буынның мәдени және білім саласындағы әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.

Сапар барысында «Анаға тағзым» орталығы мен қалалық мәдени-демалыс паркінің жаңартылған инфрақұрылымы да көрсетілді. Бұл орындар қоғамдық тәрбие мен бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Қаладағы негізгі жобалардың бірі — жаңа жылу электр орталығының құрылысы. Делегация бұл нысанның аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа 11 мың орындық стадион, «Қан орталығы», жаңа ФМБ мектеп-интернаты, «Жаңа автовокзал», «Шағын өнеркәсіптік аймақ», жаңа тұрғын үйлер және «Оқушылар сарайының» құрылысы туралы ақпарат берілді.

Сапар соңында делегаттар «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын, «Музыкалық колледжді» және қайта жаңғыртылып жатқан «Президент саябағын» аралады. Делегация өкілдері Сыр өңіріндегі жобалардың ауқымдылығы мен маңызын жоғары бағалап, болашақта бұл бастамалар халықтың әл-ауқатына оң әсер ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...