Қала әкімі Тұран шағын ауданындағы мектеп құрылысымен танысты

Қала әкімі Тұран шағын ауданындағы мектеп құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру нысандарының құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шаhар басшысы «Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады.

Құрылысқа жауапты бас мердігер - «АРТ-құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қараша айында басталған еді.

Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және...

Еуразиялық интеграция институты «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша exit poll сауалнамасын жүргізді. Аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Гүлден Емішеваның...