Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды. Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік...

1 апреля 2026 года в широкий национальный кинотеатральный прокат выходит полнометражное продолжение популярного сериала «Мошенники». Логлайн:...