Шымкентте кезекті үшемдер дүниеге келді

Шымкентте кезекті үшемдер дүниеге келді

Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықта кезекті үшемдер дүниеге келді. Қала тұрғыны Жанна Мелдешова жүктіліктің 34-ші аптасында Айым, Рахат, Аяла есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Шақалақтар 28 шілде күні туған. Анасы мен балалардың қазіргі денсаулығы жақсы, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үшемнің анасы тұңғышын 2010 жылы туған. Сол уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, жүкті болуды ұзақ жылдар бойы жоспарлап жүріпті. Осылайша ерлі-зайыптылардың он жылдан бері бала сүйгісі келген армандары орындалып, анасы бірден үш перзентті дүниеге әкелді.

Мерзімінен бұрын толғағы басталған жүкті келіншек пен үш шақалақтың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер кесарь тілігін жасап, операция арқылы сәтті босандырып алды. Дүниеге екі қыз, бір ұл бала келді.

Үшемдерге перинаталдық орталықтың неонатологтары ерекше күтім жасады. Білікті медицина мамандарының қарауында болған шақалақтардың бір апта ішінде денсаулықтары оңалып, анасымен бірге үйіне шығарылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 19 797 сәби дүние есігін ашқан. Олардың 135-і егіз болса, төртеуі үшем.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...