Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Қарағанды облысында медициналық пункт ашылды

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен салынды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген.

Шет ауданында ашылған медициналық пункт өңірде қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жалғыз медициналық жоба емес. Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункттің құрылысы жүруде.

Қарағанды облысында Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа жоспарланған 51 медициналық мекеменің 24-і салынды, оның 11-і пайдалануға берілді. Қалған 27 нысанның құрылысы жалғасуда. Оларды тапсыру биыл қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр.

Жаңа медициналық нысандарды ашу бойынша жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 655 жобаның 540-ы жүзеге асырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды....

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру кәсіпкерлік саласының маңызды бағыттарының бірі...

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен...