Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары «Зеренді сақтау өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен танысудан басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке биыл облыстағы егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені жөнінде баяндалды.

Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ. Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіп әлеуетін арттыру, көлік және тұрғын...

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А. Қуантыров Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар...