Үйлестіру кеңесі «Бейнеу-Сексеуіл» автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады

Үйлестіру кеңесі «Бейнеу-Сексеуіл» автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Жиында қатысушылар ірі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен жүзеге асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) және Ислам даму банкінің (ИДБ) қаражатын тарту мәселесін талқылады.

Транскаспий халықаралық көлік маршрутының құрамына кіретін «Бейнеу-Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жақын арада «Бейнеу – Сексеуіл» және «Бозой – Шалқар» учаскелерін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 765 шақырым болатын жаңа автожол құрылысын бастау қажет. Көлік министрлігі техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау мен құрылыс жұмысын бастау таяу уақытқа жоспарланғанын хабарлады. ЕҚДБ мен ХҚДБ 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлу ниеті туралы мандаттық хат жіберіп, жобаны қолдауға дайын екенін растады.

Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Трансказақстандық теміржол дәлізін дамыту жөніндегі Transforming Rail and Connectivity in Kazakhstan (Middle Corridor Development) жобасын ХҚДБ және АИИБ-мен бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Ислам даму банкімен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу мәселесі бойынша ынтымақтастық бөлек қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің болжамы бойынша қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 2030 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің Жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) 6,1% өсім береді.

Аталған инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің халықаралық транзиттік дәліз ретіндегі әлеуетін едәуір нығайта түсуге мүмкіндік беріп, экономикалық тартымдылықты арттыруға және іскерлік ортаны дамытуға елеулі үлес қоспақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан...

По поручению Главы государства, в Туркестанской области стартовало строительство важной 102-километровой объездной дороги города Сарыагаш. Новая...

Общие принципы Личная безопасность - приоритет. Категорически ЗАПРЕЩЕНО: прикасаться к подозрительным предметам, самостоятельно задерживать подозреваемых лиц. Все действия...

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан,...