Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады

Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты Біріккен Ұлттар Ұйымының ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы еліміз өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы өзара түсіністік пен құрметті ілгерілетудің негізгі алаңы саналатын БҰҰ Өркениеттер альянсымен ынтымақтастыққа баса мән беретінін жеткізді.

Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізуге тұрақты қолдау білдіріп келе жатқан, сондай-ақ форум аясында Қазақстан тарапымен бірлесіп діни нысандарды қорғау мәселелесі бойынша арнайы сессия ұйымдастырған Альянстың қызметін жоғары бағалады.

БҰҰ Бас хатшысының жоғары өкілі Қазақстанда жүзеге асырылған реформалардың маңызын атап өтіп, Съезд қорытындысы бейбітшілікті, келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Моратиносты дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын иеленуімен құттықтады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан...

По поручению Главы государства, в Туркестанской области стартовало строительство важной 102-километровой объездной дороги города Сарыагаш. Новая...

Общие принципы Личная безопасность - приоритет. Категорически ЗАПРЕЩЕНО: прикасаться к подозрительным предметам, самостоятельно задерживать подозреваемых лиц. Все действия...

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан,...