Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар екі елдің дін ісіне жауапты мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытайдың мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайтуға, өзара сенімді дамытуға, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан...

По поручению Главы государства, в Туркестанской области стартовало строительство важной 102-километровой объездной дороги города Сарыагаш. Новая...

Общие принципы Личная безопасность - приоритет. Категорически ЗАПРЕЩЕНО: прикасаться к подозрительным предметам, самостоятельно задерживать подозреваемых лиц. Все действия...

ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының өкілдері қатысуымен өткен шарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер — Әзербайжан,...