«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты.

Ашық есік күні аясында ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы кезең, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына арналған көрме ұсынылды. Сонымен қатар профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновтің жеке архив қорынан материалдар және көрнекті ғалым, этнограф, профессор Әлкей Марғұланның құнды қолжазбалары көпшілік назарына қойылды. Бұдан өзге заманауи сканерлеу технологиясын пайдалана отырып құжаттарды цифрлау барысы көрсетіліп, әдеби викториналар мен интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Ашық есік күні жыл сайын еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде өткізіледі. Биыл аталмыш іс-шараға республика бойынша 15 мыңға жуық студент пен оқушы қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...