Ірі француз корпорациясы Қазақстанда су бұру, су және жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қатысуға дайын

Ірі француз корпорациясы Қазақстанда су бұру, су және жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға қатысуға дайын

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Veolia компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөзге Қазақстан мен Францияның дипломатиялық құрылымдары, ТКШ саласындағы мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Veolia компаниясы – сумен жабдықтау және тазарту, қалдықтарды өңдеу, экологиялық қызмет көрсету саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Бүгінде 100-ден астам елде жобаларды жүзеге асырып келеді. Veolia Қазақстанды орнықты сумен қамту мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту тұрғысынан әлеуетті нарық ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар компания су саласындағы жобаларға, орталықтандырылған жылумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жаңғырту жұмыстарына қатысу мүмкіндігін зерттеуде.

Кездесу барысында Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы қойған негізгі инфрақұрылымдық міндеттерді атап өтті. Ол іске асырылып жатқан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 4,7 мың км су құбыры, 2,6 мың км кәріз желілері жаңартылып, еліміздің барлық ірі қалаларында 38 кәріз-тазарту нысаны салынатынын жеткізді. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қысқа мерзім ішінде басымдық берілетін аймақтар мен нысандарды айқындайтын бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін аша түсу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экологиялық мәдениетті дамыту, абаттандыру, қалдықтарды қайта өңдеу,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет ауылдағы жұмыспен қамту мен...