Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдегі мекемелердің жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілік аталып өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ